Павлодар облысында жүкті әйелін өлтірген азамат оқиғаны ойдан шығарып, жазадан құтылмақ болған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Третьяков

Павлодар облысында ауыл тұрғыны жүкті әйелін өз қолымен буындырып өлтіріп, жазатайым оқиғаны ойдан шығарған деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың сәуір айында Павлодар облысы Успен ауданының полициясына Константиновка дәрігерлік амбулаториясының қызметкерінен аудандағы ауылдардың біріндегі үйден жүкті әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түседі.

"Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкерлері оқиға орнын тексере келе, әйелдің кісі қолынан қаза табуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл істі тергеу полиция бөлімі бастығының орынбасары Асқар Аралбаевқа және аға тергеуші Мақсат Дүйсембаевқа тапсырылды. Олар болған оқиғаны мұқият зерттеп, куәгерлерден жауап алды", – деп мәлімдеді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жауап алу кезінде марқұмның анасы таңертең күйеу баласының “Саған не болды?” деген айқайынан оянғанын айтты. Көрші бөлмеден жүгіріп келген ол қызының еденде жатқанын көрген, ал күйеу баласы қолымен әйелдің кеудесін басып, жасанды тыныс жасап жатқан.

Дәрігерлер келген соң ер адам әйелінің ауырып қалғанын, ентігіп, еденге құлағанын айтады. Ал ер адам болса сол кезде әйелге "алғашқы көмек көрсеткен".

Тергеу барысында полицейлер ағаш тақтайшаларынан тұратын осы бөлменің еденін ашады. Тақталардың арасында қан бөлшектері, сондай-ақ құрамында хлор бар заттың ерітіндісі табылған. Бұл қылмыстың ізін жасырмақ болғанын көрсетеді.

Қажетті дәлелдемелерді жинау, сондай-ақ жүргізілген сараптамалар барысында полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтады.

Түнде ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш негізінде жанжал шығып, салдарынан ер адам жүкті әйелін тұншықтырып өлтіреді.

Содан кейін ол қылмыстың іздерін жоя бастаған: қан дақтарын тазалап, жазадан құтылу үшін отбасы мен полиция қызметкерлерін шатастырмақшы болып “не болды саған?” деп айқайлай бастайды. Осылайша, ол әйелдің тұншығып қалғанын және оған көмектесуге тырысқанын айтқан.

"Полиция қызметкерлері Асқар Аралбаев пен Мақсат Дүйсембаевтың кәсібилігі мен ұқыптылығының арқасында қылмыскер лайықты жазаға тартылды. Барлығын бірте-бірте жинай келе, тергеушілер қылмысты ашып, барлық қажетті тергеу шараларын жүргізіп, ер адамның кінәсін дәлелдеді", – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер аталған қылмысты жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот ер адамға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанын атап өтті. Марқұм болған әйелдің артында екі баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951966-pavlodar-oblysynda-zukti-aielin-oltirgen-azamat-oqigany-oidan-sygaryp-zazadan-qutylmaq-bolgan/

jitsu gif