Алматыда мерт болған курсант жайлы жантебірентерлік видео жарияланды

Опубликовано:

курсант
Видеодан кадр: Instagram/qazaq_jerinde

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанты Мейірхан Бітім туралы әсерлі видео пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнеролик Мейірханның балалық шағынан бастап, мектеп қабырғасындағы және курсант кезінде түскен фото-видеоларынан тұрады.

Желі қолданушылары жас жауынгердің қыршын кеткеніне өкініш білдіруде. Жантебірентерлік видеоны көргендер марқұмның отбасына көңіл айтып, сабыр тіледі.

"Періште болып келіп, өмірге періште болып кеткен қыршын-ай, өмірің қысқа болды", " Ата-анасына, отбасына сабыр берсін, жұмақтан орын нәсіп етсін", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

19 жастағы Мейірхан Бітім туған жері Ақтауда анасының қасына жерленді.

ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанты Мейірхан Бітім Ақтаудағы № 11 мамандандырылған физика-математика гимназиясын екі жыл бұрын бітірген. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясына түскен. Биыл 2 курста оқып жүрген болатын.

Айта кетейік, Мейірхан Бітім президент жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952281-almatyda-mert-bolgan-kursant-zaily-zantebirenterlik-video-zariyalandy/

jitsu gif