Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Омикрон" штамы: Тоқаев бизнеске қойылған шектеулерді жеңілдетуді ұсынды

Опубликовано:

шектеу шаралары
Көрнекі фото: spuntiknews.kz

Еліміздің ірі кәсіпкерлерімен кездескен президент "омикронның" таралуына байланысты шағын және орта бизнеске қойылған шектеулерді жеңілдету керегін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

""Омикрон" формасындағы COVID-19 бүгінде жалпыға ортақ құбылысқа айналып бара жатқан сияқты. Көбі омикронмен ауырып шығуға мәжбүр болатын сыңайлы.

Бұл жағдайда шағын және орта бизнеске, әсіресе қызмет көрсету саласындағыларға қатаң карантиндік шаралар қолдану қаншалықты орынды?

Қаншалықты нәтижелі? Үкіметке айтарым, мұны қайта қарау қажет.

Бізге мұндай жағдайда ШОБ-тың тынысын тарылтып, экономикада іс жүзінде тең емес жағдай жасаудың не қажеті бар?", - дейді президент.

Еске салайық, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу кезінде халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952352-omikron-stamy-toqaev-bizneske-qoiylgan-sekteulerdi-zenildetudi-usyndy/

pixel