ШҚО-да бұрын сотталған ер адам полицейден кек алды

Опубликовано:

Алматы
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында бұрын сотталған ер адам учаскелік полицейдің саусағын тістеп алды. Ол бұндай қадамға кек қайтару мақсатында барғанын жасырмады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ер адам амнистиямен мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Ол орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылған.

Ер адамның сөзінше, мас болып көшеде келе жатқанда бұрын өзін қадағалап келген учаскелік полиция қызметкерін кезіктірген. Тәртіп сақшысынан кек алуды ойлап, қызметтік көлігінің әйнегін сындырған. Сонымен қатар, полицейдің саусағын тістеп алды.

Күдікті жасаған ісіне өкінетінін білдірген.

"Бостандыққа шығарда сотталушыға заттар мен аяқ киім түрінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген", - дейді түзеу мекемесінің басшысы Қуаныш Ағысбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952482-sqo-da-buryn-sottalgan-er-adam-policeiden-kek-aldy/

jitsu gif