Смайылов пен Мишустин екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Опубликовано:

Әлихан Смайылов742
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның теріс салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты сауда-саттық 30%-ға артып, $21,8 млрд-қа жетті. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда сауда көлемі 21%-ға өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953169-smaiylov-pen-misustin-ekizaqty-sauda-ekonomikalyq-yntymaqtastyqty-talqylady/