Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында инкассатор терминалдардан ірі сомада ақша ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Күдікті
Фото: instagram.com/police_almobl

Алматы облысында терминалдарға қызмет көрсететін фирманың қызметкері миллион теңгеден астам ақша ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Факті Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша тіркелген.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы күдікті Ақжазық ауылының 25 жастағы тұрғыны екенін, оның 2019 жылдан бастап ЖШС-де аймақтық техникалық маман болып жұмыс істейтінін анықтады.

Оның міндеттерінің біріне өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына техникалық қызмет көрсету және инкассациялау кірген.

2021 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында күдікті 1 774 485 теңге көлемінде ақша ұрлаған. Жетіспейтін қаражат тексеру барысында анықталған.

Фирма қызметкері өз кінәсін толық мойындаған. Оның сөзінше, материалдық қиындықтарға тап болған ол ұрланған ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953485-almaty-oblysynda-inkassator-terminaldardan-iri-somada-aqsa-urlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel