Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

Опубликовано:

Көлікте отырған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда өткен әдеп жөніндегі отырыста мас күйінде көлік жүргізген мемлекеттік қызметкердің мәселесі қаралды. Жиын барысында оның тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны айтылды, деп хабарлайды Азаттық рухы.

Басылым мәліметінше, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Шавкет Турдуев отырыс барысында мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйінде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс екенін еске салды.

Маман Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мемлекеттік қызметкерлері және өрт сөндіру қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің аға сержанты мас күйінде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ жұмыстан босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954237-almatyda-mas-kuiinde-kolik-zurgizgen-memlekettik-qyzmetker-zumysynan-bosatyldy/

pixel