"Туған әкесі өз қыздарын зорлаған": Шымкентте балаларға қатысты қылмыс саны артты

Опубликовано:

зорлық11
Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы уақытта жасөспірімдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық қылмысының саны артты. Бұл туралы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахиддинов айтты, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

2021 жылы сотқа 24 адамға қатысты 24 іс түскен. Олардың төртеуі прокурорға қайтарылды, ал тоғызына қатысты тиісті шешім қабылданды. 8 адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл қазір кәмелетке толмағандарға қатысты "зорлау" және "сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық" баптарының санкциялары осы жазаны қарастырады.

Судьяның айтуынша, бұл қылмыстардың 98% - ын қыздардың өгей әкелері немесе аналарының бірге тұратын адамдары жасаған. Бірақ Әбсаттар Шахиддинов өткен жылы туған әкесі қыздарын зорлаған жайттар да кездескенін айтты.

"Ол сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағанда қыздардың бірі 5-сыныпта оқыған. Екіншісі де кәмелетке толмаған. Ал үшіншісі, ең үлкені де зорланған. Ол сотта әкесі тұтқынға алынбайынша ара-қатынастары жалғасқанын айтты. Полицейлер бұл оқиғаға қыз күйеуге шығайын деп жатқанда куә болған. Бойжеткеннің күйеу жігіті оның әкесімен сөйлескенін естіген. Бұл оқиғадан анасы хабардар болмаған, барлығы құпия ұсталған",- деді судья.

Сот тергеуі барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда, қыздардың айғақтары, сарапшының оны педофил деп тану туралы тұжырымы мен туған қыздарымен бірге жасағаны туралы жеке сенімі сотталушыға өмір бойы жаза тағайындау үшін жеткілікті болды. Енді ер адамға химиялық кастрация да жасалады.

"Мен мұндай істерді қарастырғым келмейді. Қазір олардың саны көп. Негізінен айыптау жас жәбірленушілердің айғақтарына негізделеді. Уақыт алшақтығы бар, мысалы, барлығы 2017 немесе 2018 жылдары болған бірнеше эпизод бар. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар қылмыстың нақты күнін есіне алмауы мүмкін. Сондықтан біз ішкі сенімерге де жүгінеміз, өйткені екі ай қарастырамыз, ол уақытта сенім қалыптасып үлгереді", — дейді Әбсаттар Шахиддинов.

Мұндай істерді қарау әрдайым оңай емес, дейді судья, өйткені кейде кәмелетке толмаған қыз өзінен үлкен жігіттің соңынан өз еркімен ереді. Мұның бәрі ҚР ҚК баптары бойынша өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, деп атап өтті Шахиддинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954270-tugan-akesi-oz-qyzdaryn-zorlagan-symkentte-balalarga-qatysty-qylmys-sany-artty/