Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Қасымхан Алпысбайұлы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды СЭБД сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин жаңа басшыны ұжымға таныстырды және әрі қарай қызметіне табыс тіледі.
Қасымхан Алпысбайұлы 1977 жылдың 21 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы) Түлкібас ауданында дүние келген, ұлты қазақ.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін "гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Орталық-Азия университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Бостандык ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде санитариялық дәрігер болып жұмыс жасаған.
2009 – 2014 жж. Алматы қаласының Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болып істеген.
2014 жылдан бері Алматы қаласының Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болып қызмет атқарған.
Ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Жұмыста жеткен жетістіктері үшін "Денсаулық сақтау саласының үздігі", "Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" ведомстволық наградалаымен, "Халық алғысы" медалімен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954507-almaty-sanitariyalyq-epidemiologiyalyq-baqylau-departamentinin-bassysy-tagaiyndaldy/