Алматыда "Көк-төбе" телемұнарасы маңынан қару табылды
Опубликовано:

"Көк-төбе" телемұнарасы маңынан аңшылық қару табылды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында "Көк-төбе" телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты.
"Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік-іздестіру итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін" , – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар, полицияда заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін еске салды.
Сондай-ақ, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, егер олардың қылмыс жасауға қатыстылығы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955225-almatyda-kok-tobe-telemunarasy-manynan-qaru-tabyldy/