Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласында құрылысы бітпеген ғимараттың сүрілген сәті желіде тарады

Жарияланған күні:

Елорда
Видеодан кадр: instagram.com/astanovka98

Нұр-Сұлтан қаласында сыртқы істер министрлігінің "жанында" салынып жатқан ғимарат құлады. Бұл сәттің видеосы желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсуде.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі ustanovka 98 парақшасында жарияланды.

"Егер бір сағат бұрын сыртқы істер министрлігі орналасқан аймақтан қатты дауыс естісеңіз, алаңдамаңыз. Бұл жерде құрылысы бітпеген ғимаратты құлатты", - делінген хабарламада.

Бұған қатысты елорда әкімдігі түсініктеме берді, деп жазады Қазақпарат.

"Бұл нысан ұзаққа созылған құрылыс деп танылғандықтан оны сүріп тастау бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Ғимарат құрылыс ережелерін бұза отырып салынған еске саламыз. Оның үстіне ұзақ уақыт бойы шала салынған күйі тұрғандықтан, нысанның қаңқасы да бүлінген. Ғимарат орналасқан жер телімі инвестордың қарауында екенін айта кету керек", - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955285-nur-sultan-qalasynda-qurylysy-bitpegen-gimarattyn-surilgen-sati-zelide-tarady/