Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

0,2 градус жылы болды: Нұр-Сұлтанда қаңтарда рекорд орнатылды

Жарияланған күні:

Нұр-Сұлтан қаласы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазгидрометтің синоптиктері 2022 жылдың қаңтары Қазақстанда ерекше жылы болғанын айтты. Сонымен қатар бірқатар өңірде бүкіл бақылау кезеңіндегі ең жоғары температура бойынша рекорд орнатылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтандағы рекорд

Елордада ең жоғары ауа температурасы 2022 жылдың 15 қаңтарында тіркеліп, +0,2°С болды. Бұл бүкіл бақылау кезеңіндегі осы күнгі абсолютті максимумның рекорды.Ал ең төменгі ауа температурасы 24 қаңтарда байқалып, -24,1°с құрады, бұл күнгі абсолютті минимум -42,7°С, ол 1969 жылы тіркелді.Жауын-шашын бір айда 26 мм (нормадан 162% жоғары) жауды, бір айдағы норма – 16 мм.

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтары қандай болды

Қазақстанның басым бөлігінде 2022 жылдың қаңтарында ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-7 градусқа жоғары болды, ал жауын-шашынның нақты мөлшері елдің басым бөлігінде айлық нормадан 1,3-7 есе артық болды.Бұған айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде Қара және Жерорта теңіздерінің аумағынан жылы ауа массаларының келуі ықпал етті.Осы кезеңде республиканың көптеген метеостанциясында ауаның ең жоғары температурасының тәуліктік рекорды жаңартылды, кей күндері ауа температурасы орташа тәуліктік нормадан 10-20° жоғары болды.Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз ауа -2,+10°С-қа дейін (16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Риддер метеостанциясында +9,7°С), ал елдің оңтүстік жартысында +6+16°С-қа дейін (4 қаңтарда Алматы облысы Ұзынағаш метеостанциясында +15,6°С) жылынды.

Циклон қатты жел мен жаңбыр әкелді

Айдың басым бөлігінде желтоқсан айындағыдай, ауа райына циклондар әсер етті, бұл жауын-шашынға, бұдан басқа 15-28 м/с желдің күшеюіне әкеліп соқты, ал елдің солтүстігі мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында екпіні 30-34 м/с дейін болатын дауылды жел соқты (8 қаңтарда Бурабай метеостанциясында 34 м/с).Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында мұндай жел 200-500 метрге дейін көру қашықтығын нашарлатты, қалың қар жауып, бұрқасындатты, сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болды.Қазақстанның оңтүстігінде оңтүстік циклондардың әсерінен мол жауын-шашын (15-49 мм) түсті, 19 қаңтарда Ащысай метеостанциясында (Түркістан облысы) 24 мм-ге дейін қар жауды.Ең жауын-шашынды кезең айдың ортасына дөп келді, ел аумағының барлығында дерлік мол жауын-шашын түсті. Мысалы, бір тәулікте Қарауыл метеостанциясында (Шығыс Қазақстан облысы) 13 мм (бір айдағы норма 9 мм), Қаратау метеостанциясында (Жамбыл облысы) 26 мм (бір айдағы норма 26 мм), Ащысай метеостанциясында (Түркістан облысы) 49 мм (бір айдағы норма 75 мм) қар-жаңбыр жауды.

Антициклон үйреншікті қысты қайтарды

Қаңтардың үшінші онкүндігінде ғана синоптикалық жағдай біршама өзгерді, Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды кең антициклон жотасы әсер ете бастады, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Республиканың солтүстік жартысында, түнде термометр бағаны -24-35°С-қа дейін төмендеді (30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын метеостанциясында -34,7°С болды).Елдің оңтүстік жартысы циклонның ықпалында болды, осыған байланысты ауа температурасы айтарлықтай төмендемеді. Сондай-ақ айдың көп бөлігінде республиканың оңтүстік өңірлерінде 20 күн бойы және одан да көп уақыт ауа райы жылы болып тұрғанын атап өткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955331-02-gradus-zyly-boldy-nur-sultanda-qantarda-rekord-ornatyldy/