Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ағаштағы қарды сілкіп түсіруге қомақты қаржы бөлінгені рас па

Жарияланған күні:

Қыс
Қыс. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Шымкент әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қалада ағаштағы қарды түсіруге қомақты қаржы бөлінгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында ағаштардың қарын сілкіп түсіруге бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінгені туралы ақпарат тарап жатыр. Бұған қатысты мегаполис басшысының орынбасары ақпараттық-коммуникациялар орталығында брифинг өткізді.

Ерғали Білісбеков Шымкент қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан республикасының тиісті заңдарында көрсетілген талаптарға сәйкес қалыптастырылатынын және қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау, жаңа ағаштар отырғызу, мерзімдік дәрілеу, суару, бұтау, ақтау және қардан тазарту секілді бірнеше жұмысты қамтитынын атап өтті.

Сонымен қатар, аталған жұмыстарды атқаратын азаматтардың еңбекақысы, сол жұмысқа пайдаланылатын көлік пен арнайы техниканың жанар-жағармайы мен өзге де шығындары кіретінін жеткізді.

Оның сөзінше, мегаполистің территориясы 116 мың гектарды алып жатыр. Қазіргі уақытта қала аумағында 6 миллионнан астам түп ағаш бар, дейді әкім орынбасары.

Бұдан бөлек, қала аумағында 8 саябақ пен 39 гүлзар бар.

"Ал мақалада көрсетілген қарды сілкіп түсіру жұмыстары жалпы жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстарының көптеген бағыттарының бір тармағы ғана. Яғни, мұндай жұмыстар қауіпсіздік мақсатында адамдар жиі жүретін көпшілік орындардағы 66 220 түп ағашта жүргізіледі деп жоспарланып, қаржылық сметалық шығындары 891,4 мың теңге (600 миллион емес) қаралған",- Шымкент әкімінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955558-symkentte-agastagy-qardy-silkip-tusiruge-qomaqty-qarzy-bolingeni-ras-pa/