Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл полицейі бұрын бірнеше рет сотталған күдіктілерді оқиға орнында ұстады

Жарияланған күні:

1
Фото: Polisia.kz

Петропавлдық полицей бұрын бірнеше рет сотталған күдіктілерді оқиға орнында ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 ақпан күні Петропавл қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жасұлан Балдиков Бөкетов көшесіндегі үйінен шыға бере, екі жас жігітке көзі түседі. Олардың белгілері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен іздеуде жүрген адамдарға ұқсайды.

Ақпаратты әріптестеріне жедел хабарлап, өзі оларды ұстауға шара қабылдаған. Бірақ күдіктілер қарсылық танытып, жасырынбақшы болған.

Оқиға орнына шұғыл түрде криминалдық полиция қызметкерлері жетіп, екі жігітті ұстады. Тексеріс кезінде олардан алтын бұйымдар, ақша және басқа да құнды заттар алынды.

Күдіктілер ұсталған уақытта полицияға Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінен ақша және басқа да құнды заттар ұрланды деген хабар түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталған екі адамның осы ұрлыққа қатысының барлығы анықталды. Алынған заттай айғақтар растады, яғни Сәтпаев көшесіндегі пәтерден ұрланғандар болып шықты.

Ұсталғанның екеуі де бұрын сотталған 32 және 24 жастағы Көкшетау қаласының тұрғындары. Петропавлға бірер күн бұрын таксимен келген. Жұмыс уақытында иелері жұмыста болған пәтерлерді торыған.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955685-petropavl-policeii-buryn-birnese-ret-sottalgan-kudiktilerdi-oqiga-ornynda-ustady/