Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтелеком" АҚ басшысымен өтіп жатқан онлайн-конференцияға қатысушылар қатары рекордтық көрсеткішке жетті

Жарияланған күні:

Қуанышбек Есекеев
Қуанышбек Есекеев. Фото: «Қазақтелеком» АҚ

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің 8 ақпанда басталған біздің сайттағы екі апталық онлайн-конференциясы респонденттердің белсенділігі бойынша рекордтық көрсеткішке жетеқабыл: бүгінгі таңда порталға 1200-ден астам қазақстандық өз өтініштері мен сұрақтарын жолдаған.

Еліміздегі ең ірі байланыс операторының басшысы мен NUR.KZ порталының аудиториясы арасындағы онлайн-диалог осымен бесінші рет өткізіліп отыр: 2020-2021 жылдары "Қазақтелеком" АҚ басшысы жылына екі реттен онлайн-конференция өткізген болатын. Аталған төрт конференция барысында компанияның басқарма төрағасына 6 мыңнан астам адам өз сауалдары мен өтініштерін жолдаған, яғни орта есеппен алғанда алдыңғы онлайн-диалогтардың әрқайсысының аудиториясы 1,5 мың респондентті құрады.

Ал осы форумның бірінші аптасында, яғни, 8-15 ақпан аралығында қатысушылар саны 1200-ден асып жығылды. Конференция 22 ақпанға дейін жалғасатынын ескерсек, оған қатысушылардың саны "Қазақтелеком" АҚ басшылығының қазақстандық аудиториямен "кері байланыс" құралының орташа көрсеткішінен асып кетуі әбден мүмкін. Қуанышбек Есекеев NUR.KZ оқырмандарының онлайн-конференцияда белсенділігінің артқанын қуантарлық жағдай деп санайды.

"Бұқаралық компанияның басшысы ретінде мен үшін бұл диалог өте маңызды, өйткені "Қазақтелеком" клиентке бағытталған нарық ойыншысы ретінде өзінің қазіргі және болашақ тұтынушыларының барлық талап-тілектері мен өтініштерін ескеруге тырысады. Ағымдағы бесінші онлайн-конференция алдыңғы төртеуіне қарағанда біздің компанияға сұрақ қойғысы келетін немесе өз тілегін білдіргісі келетін адамдарды көптеп жинағаны ерекше қуантады", - деді ол.

Айта кетейік, өтініштерде көтерілген тақырыптар ішінде қазіргі уақытта қызмет көрсету сапасы мәселесі көш бастап тұр – ол жалпы сұрақтың 22%-ын құраса, өткен жылғы күзгі конференцияда бұл тақырып сұрақтардың жалпы көлемінің 15%-ын құраған болатын. Компания басшысы бұл өсімді аз уақыт ішінде көптеген онлайн-құралдар мен жаңа өнімдердің шығуымен байланыстырады. Қазіргі таңда бұл қызметтер пысықталуда және портал оқырмандарының сыни пікірлері мен ұсыныстарының көмегімен жетілдіріліп жатыр.

Қуанышбек Есекеев
Қуанышбек Есекеев. Фото: «Қазақтелеком» АҚ
"Оқырмандардың біздің конференция барысында айтқан әрбір сыни ескертуі назарда ұсталады. Дәстүрге айналған конференциямыз арқылы біз кемшіліктерді абоненттердің өз аузынан біліп, осылайша қызметімізді жетілдіруде жақсы мүмкіндіктерді көріп отырмыз және әр аймаққа тән нақты мәселелерді бөліп қарастыра аламыз", - дейді Есекеев мырза.

Өңірлер бойынша алматылық абоненттер ақпан айындағы конференцияда белсенділік танытуда – бір апта ішінде түскен барлық өтініштер мен сұрақтардың жалпы санының 39%-ын алматылықтар құрайды. Конференцияға қатысушылардың бестен бір бөлігі (20%) орталық облыстардан, 16% - Қазақстанның оңтүстік облыстарынан. Бір қызығы, өткен конференциядан бері компанияның қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтардың саны артқан болса, қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтардың көлемі осы кезеңде 9%-дан 6%-ға дейін төмендеген.

"Бұның себебі тұтынушыларға қызмет көрсетуде көптеген процестерді автоматтандырумен тікелей байланысты деп есептеймін, яғни біздің абоненттер кеңселерге келмей-ақ, өз мәселелерін тәулік бойы қашықтан шеше алады. Біз абоненттер үшін компаниямен байланысты барынша ыңғайлы етіп құру бойынша жұмысты жетілдіре түсеміз", - дейді "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы.
«Қазақтелеком» АҚ операторы
Фото: «Қазақтелеком» АҚ

Сұрақтар мен өтініштер саны бойынша екінші орында "Қазақтелеком" АҚ жаңа желілерінің құрылысы (20%), үшінші орында осыған іргелес сегмент – компанияның қызметтеріне қосылу мүмкіндігі (17%) туралы болды.

Сонымен қатар, кейбір аймақтарда (Алматыда және Орталық Қазақстанда) осы тақырып бойынша сұрақтардың саны жалпы өтініштердің 50%-ына жақындайды.

"Қазақтелеком" басшысы компанияның оптика құрылысына салған инвестициясы оған жаңа инфрақұрылымдық мүмкіндіктер бергенін айтады.

"Атап айтқанда, биыл біз облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы мен жеке секторын, сондай-ақ ауылдарымызды бекітілген сымсыз қосылу (FWA) желісімен жаппай қамтуды көздеп отырмыз. Жылдамдығы секундына 80 мегабит болатын бұл технология қазір осы аудандардың тұрғындары үшін қолжетімді ADSL технологиясы мен мобильді интернет қосылымдарының көрсеткіштерінен бірнеше есе жоғары", - деді Есекеев мырза.

Өз өтініштерінде біздің оқырмандарымыздың 11%-ы тарифтерді қалыптастыру мәселелерін көтеріп, пікір білдірген. 1,2 мыңнан астам респонденттің 4 пайызы ғана "Қазақтелеком" АҚ қызметінен ажырату туралы өтінішін жеткізген, олар негізінен оңтүстік және шығыс облыстардың тұрғындары (әрқайсысы 17%).

"Тарифтік саясат туралы айтар болсақ, өткен жылғы конференциямен салыстырғанда сұрақтар санының өсуін біздің клиенттеріміздің ағымдағы жылдың қаңтарында "Қазақтелеком" ұсынған 50% жеңілдік туралы түсіндірмесімен байланыстырамыз. Біз осы мәселенің өзектілігін жоятын жаңа пакеттік ұсыныстарды үнемі әзірлеп отырамыз, ең бастысы, компания басшылығы осы онлайн-конференцияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап беруге дайын. Оның аяқталуына әлі бір апта бар, сондықтан NUR.KZ порталының барша оқырмандарын осы мүмкіндікті пайдаланып, сұрақтарын қоюға немесе біздің компанияға ұсыныстарын жіберуге шақырамын", - деді Есекеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956237-qazaqtelekom-aq-bassysymen-otip-zatqan-onlain-konferenciyaga-qatysusylar-qatary-rekordtyq-korsetkiske-zetti/