Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақсуда пәтері жанып кеткен отбасы қиын жағдайға тап болды

Жарияланған күні:

Өрт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жас отбасы тілсіз жаудың кесірінен бір-ақ күнде пәтерін тастап, туыстарын паналауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

"VITA" қайырымдылық ұйымының еріктілері Еркін Әменовтың отбасына көмектесу мақсатында оқиға орнына шығып, жағдайды өз көздерімен көріп келген.

"Өрт барлық тұрмыстық заттар мен құжаттарды жойып жіберген. Ештеңе қалмаған. Біз ақша жинау шараларын сирек өткіземіз. Алайда бұл отбасының жағдайын өз көзімізбен көргеннен кейін бейжай қалдырып кете алмадық. Бұл үш бөлмелі пәтерде болған өрт салдарынан көршілеріне де үлкен залал келтірілді.
Тіпті, от төменгі және жоғарғы пәтерлерге ұласқан. Ал өрт сөндірушілер алтыншы қабатта орналасқан пәтердегі өртті сөндіру кезінде бірінші қабатқа дейін су ағып кеткен. Салдарынан көршілері сотқа талап арыз дайындаған. Әлбетте, бұл отбасына одан да ауыр тиіп отыр", - дейді еріктілер.

Қазіргі уақытта отбасы екі жаққа бөлінген, балалар бір жақта болса, ата-анасы тағы бір туыстарын паналауда.

Еркіннің әйелі Әйгерімнің жүрегі ауырады, үнемі жылай береді. Алғашқы күндері төрт рет жедел жәрдем шақырған.

"Қайырымдылық мақсатта ақша жинау үш күнге созылады, бұрынғыдай есеп беріледі. Барлық қаражат біздің еріктілеріміздің карталарына емес, тікелей зардап шеккен отбасының картасына аударылады. Бұдан басқа, отбасына кеңсе құралдары, мектепке рюкзак, 7 және 5 жастағы ұлдарға арналған заттар - атап айтқанда, футболкалар, нөмір, мектепке арналған спорттық костюм, кроссовкалар (өлшемі - 32 - 33), ыдыс-аяқ, төсек-орын және тағы басқа заттар қажет. Әкелінген заттардың жағдайы жақсы немесе жаңа болғаны дұрыс", - дейді ұйымда.

Барлық жиналған заттарды Павлодар қаласында жинап, Ақсу қаласына жеткізіледі. Сондай-ақ Әменовтар отбасына көмек ретінде автошеру өткізіледі. Бір шақырымы = 500 теңгеден.

Деректемелер:

Kaspi Gold 5169 4971 8038 4822 Kaspi Gold картасына қосылған нөмір: 8 708 277 25 90 (Еркін Әменов)

Әменовтар отбасына көмектесуге ниет білдірген жомарт жандар 8 (747) 615 55 63 Катерина) Whatsapp нөміріне жаза алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956460-aqsuda-pateri-zanyp-ketken-otbasy-qiyn-zagdaiga-tap-boldy-video/