Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыда үш баланың анасы күйзелістен арылу үшін мысықтарды асып өлтірген

Жарияланған күні:

Мысық
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысы тұрғынының күйзелістен ерекше жолмен арылғаны белгілі болды. Ол мысықтарды пәтерінің балконында асып өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жағдай Құлсары қаласында болған.

Полицейлер бұл туралы жергілікті тұрғынның көршілері хабарлағанын айтты.

Ал 38 жастағы үш баланың анасы өз әрекетін түсіндіре алмаған. Басылым мәліметінше, әйел кейінірек айына бір рет күйзелістен арылу үшін бұндай қадамға барғанын мойындаған.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 316-бабы "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша іс қозғалды.

Бұл бап айыппұл төлеуден бастап 30 тәулікке қамауға алуға дейінгі жазаны қарастырады.

Бірақ 16 ақпан күні әйел жазадан құтылып кеткен, деп жазды Мой город.

"Жылыой ауданының тұрғынына қатысты рақымшылық туралы заңның қолданылуына байланысты мысыққа қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды", - делінген Атырау облысы полиция департаментінің редакцияға берген жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956532-qulsaryda-us-balanyn-anasy-kuizelisten-arylu-usin-mysyqtardy-asyp-oltirgen/