Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіссөз оңай болған жоқ": Жаңаөзендегі мұнайшылардың жалақысы 20 пайызға өсетін болды

Опубликовано:

Мұнай
Көрнекі фото: "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ

"ӨзенМұнайГаз" мұнай-газ компаниясы бұрғылаушыларының жалақысы тағы 20 пайызға өседі. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Таңертең бұрғылау жұмыстары базасында мұнайшылармен кездесіп, келіссөзді жалғастырдық. Келіссөз оңай болған жоқ. Нәтижесінде осы жылдың қаңтарында "ҚазМұнайГаз" жұмысшылары үшін қосылған 10 пайызға қосымша жалақыны тағы 20 пайызға арттыру туралы келісімге келдік", - дейді Алик Айдарбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзен тұрғындары еңбек талаптарының жақсартылуын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруды талап еткен еді.

Мысалы, FTC WIN компаниясына қарасты "ӨзенМұнайГаз" мердігер мекемесінің" жұмысшылары видеоүндеу жасап, жұмысты тоқтататындарын мәлімдеген болатын. Олар өздерін "ӨзенМұнайГаз" штатына кіргізуді талап етті.

Жаңаөзендегі жұмыссыз тұрғындар да үндеу жолдап, "ӨзенМұнайГаз" компаниясының штатын кеңейтуді және мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындарын ашуды сұрады.

Сондай-ақ, "РЦКУ-Ақтау" компаниясының газ жөндеуші мамандары да наразылық білдірді. Олар өздерін "ҚазТрансГазАймақ" компаниясының штатына қосуды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956629-kelissoz-onai-bolgan-zoq-alik-aidarbaev-zanaozende-munaisylardyn-zalaqysy-20-paiyzga-osetinin-aitty/

pixel