Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүгінгінің Әлиясы": Дана Нұржігіт президенттен сұхбат алған журналиске қолдау білдірді

Опубликовано:

Дана Нұржігіт
Дана Нұржігіт. Фото: парламент сенатының баспасөз қызметі

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан сұхбат алған журналист Жайна Сламбекке қолдау білдірді. Ақпарат өкілі мемлекет басшысымен болған сұхбатынан кейін сынға ұшыраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт журналистикадағы әріптесі жайлы Instagram парақшасында жазды. Ол Жайна Сламбектің шын өмірде қандай адам екенін айтты.

"Әлеуметтік желіде президентті "суфлердан оқыды" деп, сұхбат алған журналист Жайнаны да "сынсымақ" пікір жазып, "оңдырмапты-мыс". Қызың болса, Жайнадай болсын! Таң атпай телефон соғып Жайна құрбымды құттықтадым. Бүгін оның туған күні. "Хабардағы" шат күндерімізді біраз еске алдық. Иә, Жайна азат ойдың, тәуелсіз әрекет пен риясыз сезімнің адамы. Көп жігіттен табылмайтын ақыл, аналитикалық интеллект, отансүйгіштігі ерекше. Бүгіннің "Әлиясы, Мәншүгі"!
Ал мен Жайнаның ерекше стиліне ғашықпын. Сен оның жазғанын есте сақтап қана қоймайсың, ол сенің басыңды қақ жарып айтқанын миыңа шегелеп қағып кететін журналист! Жаны нәзік, жаңалыққа құмар, Жайнам! Екеуміз қосылғанда айтылатын руxани әңгімелерді, ұмытылмас кештерді сағынамын. Жайнай бер! Алға!" деппін 2016 жылы және осыны қайталаймын! Алға, Жайна! Өзгерістер президентке ғана керек пе?! Ел болып жұмылуымыз керек", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957088-buginginin-aliyasy-dana-nurzigit-prezidentten-suxbat-algan-zurnalistine-qoldau-bildirdi/

pixel