Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Whatsapp-тың жұмысын тоқтатқаны рас па

Опубликовано:

Ұялы
Көрнекі фото: pxhere.com

Мессенджерлерде Whatsapp-тың елімізде бұдан кейін жұмыс істемейтіні туралы ақпарат тарады. Хабарламадан мектепке қатысты чаттың бірінде аталған мәселенің айтылғанын аңғару қиын емес. Алайда бұл шындыққа жанаспайды, деп жазады Stopfake.kz.

Бұған қатысты білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді.

"Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және білім және ғылым министрліктің сайтында жарияланады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шыққан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958482-qazaqstanda-whatsapp-tyn-zumysyn-toqtatqany-ras-pa/

pixel