Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам қаза болды

Опубликовано:

Жол көлік оқиғасы
Оқиға орнынан фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысында жүк көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Құзырлы органның мәліметінше, жол көлік оқиғасы 10 наурызда Самарa-Шымкент тас жолында болған.

Шамамен 17.15-те Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылының маңында"КамАЗ" бен DAF жүк көлігі соқтығысқан.

Полицияның дерегінше, оқиға орнында DAF жүргізушісі көз жұмған.

Сонымен қатар, құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 1987 жылы туған "Камаз" жүргізушісі де есін жимастан көз жұмған.

Бұл жайттан кейін апат болған жерде тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл жолы сол жерде өтіп бара жатқан"ВАЗ-2115" жол бойында тұрған "КамАЗ" бен соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көліктің 2001 жылғы жүргізушісі мен 1967 және 1986 жылғы жолаушылары жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960165-bqo-da-zuk-kolikteri-soqtygysyp-eki-adam-qaza-boldy/

pixel