Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда тоғыз айлық сәби эскалатордан құлап кетті

Опубликовано:

эскалатор
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда тоғыз айлық қыз бала эскалатордан құлап кетті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 наурыз күні "Азия Молл" сауда ойын-сауық орталығында болған.

Эскалатормен көтеріліп бара жатқан 1987 жылғы келіншектің қолынан баласы түсіп кеткен. Сәби небәрі тоғыз айлық.

Жарақат алған ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек Орал қаласы полиция басқармасында тіркеліп, тексеріс жүргізілуде.

Ал өңірдің денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайы өте ауыр екенін хабарлады. Қазір нәресте жансақтау бөлімінде жатыр, деді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960496-oralda-togyz-ailyq-sabi-eskalatordan-qulap-ketti/

pixel