Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Шымкентке 4 млрд теңгеден астам шығын келген

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген нысандар қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Мегаполис басшысы Мұрат Әйтеновтің сөзінше, қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерден Шымкент қаласына 4 миллиард теңгеден астам шығын келіп, 190 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

Олардың ішінде 71-і полиция қызметкерлері мен әскер сарбаздары.

Шымкент әкімі сындарлы сәттерде халыққа қорған болып, жағдайдың ушығып кетпеуіне жол бермеген күштік құрылымдардың қызметкерлеріне және қоғамдық тәртіпті қорғауға шыққан еріктілер мен сол уақытта көмектескен барша кәсіпкерлерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Бүгінде бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, тәртіпсіздік салдарынан қалада 8 мемлекеттік және 29 бизнес нысан зардап шекті.

90 арнайы көліктер зақымдалып, оның ішінде 40 көлік жанып кеткен. Қарапайым адамдардың да бірқатар мүлкі жарамсыз болып қалған.

Шымкент әкімі қаңтар оқиғасының зардабын жою жұмыстарын одан әрі жалғастырып, "Қазақстан халқына" қорымен бірлесе жұмыс істеу керектігін айтып, сала мамандарына тапсырмалар берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961477-qantar-oqigasy-symkentke-4-mlrd-tengeden-astam-sygyn-kelgen/

pixel