Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 400-ге жуық үздік оқушы тек ағылшын тілінде білім сайысына түсті

Опубликовано:

WSC Nursultan Round
Фото: KAZ.NUR.KZ

Нұр-Сұлтанда "World Scholars Cup" халықаралық олимпиадасының "WSC Nursultan Round" аймақтық кезеңі өтті. Ерекше білім сайысы еліміздің алдыңғы қатарлы 18 мектебінен 400-ге жуық қатысушылардың басын қайта қосты.

"World Scholars Cup" халықаралық білім олимпиадасы 2007 жылдан бері әлемнің 100-ге жуық үлкен қалаларында 10-18 жас білім алушылары арасында өткізіліп келеді.

Сайыстың басты мақсаты - қатысушылардың қызыға білім алуына, топта және жекелей өнер көрсету арқылы жаңа қырынан танылуына жағдай жасау.

Топтық эссе, пікірталас және жан-жақтылық тесті арқылы аймақтық және жаһандық кезеңнен сүрінбей өткен сайыскерлер ақтық мәреде АҚШ-тың Йель Университетінде бақ сынайды.

WSC Nursultan Round
Фото: KAZ.NUR.KZ

Араға 2 жыл салып 2022 жылдың 19-20 наурыз күндері "WSC Nursultan Round" аймақтық кезеңі Спектрум халықаралық мектебінде еліміздің алдыңғы қатарлы 18 мектебінен 400-ге жуық қатысушылардың басын қайта қосты.

Екі күнге жоспарланған жарыстың жалғыз шарты - тек ағылшын тілінде жүргізілетіндігінде.

Сайыстың басты қағидасы бойынша тілдің түсінікті, ойдың анық болуы - білімге құштар жастардың ынтымақтастық әрі өзара қолдауы арқылы іске асатынымен тікелей байланысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961652-nur-sultanda-400-ge-zuyq-uzdik-oqusy-tek-agylsyn-tilinde-bilim-saiysyna-tusti/

pixel