Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынатыны рас па: Ержан Байтанаев жауап берді

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: pixabay.com

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Pfizer вакцинасы қазақстандықтардың кейбір санаты үшін ақылы болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Pfizer препаратымен вакциналауға болатын адамдар контингентін кеңейту туралы шешім қабылданғаны хабарланған еді.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде Pfizer вакцинасы ақылы негізде салынады деген ақпарат пайда болған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Оның сөзінше, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясына қарсы ақылы вакцина мүлде жоқ.

"Сондықтан, Pfizer вакцинасы ақылы болады деген ақпараттың жалған екенін түсіну керек. Вакцина алатын топқа жататын кез келген адам кез келген вакциналау бекетіне немесе емханаға барып, Pfizer вакцинасын салғыза алады", - дейді Ержан Байтанаев.

Сонымен қатар ол Pfizer вакцинасын алуға құқылы азаматтардың санаты қалай кеңейтілгенін түсіндірді.

"Егер бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина алмаған болсаңыз, Pfizer -дің бірінші және екінші дозасын алуыңызға болады. Ал бұған дейін басқа вакцина салдырған болсаңыз, ревакцинация кезінде Pfizer-ді таңдай аласыз. Шетелде Pfizer-дің алғашқы дозасын салдырып қойған болсаңыз, Қазақстанда қалған дозасын салғызуыңызға болады.

Шетелге шығу қажет болса, онда да Pfizer-ді салғызуыңызға болады. Демек Қазақстан аумағында Pfizer вакцинасын салғызу бойынша ешбір шектеу жоқ. Елімізде коронавирусқа қарсы белгіленген вакцинаның толық қоры бар. Pfizer бойынша да тапшылық жоқ", - дейді Ержан Байтанаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962190-elimizde-pfizer-vakcinasy-aqyly-turde-salynatyny-ras-pa-erzan-baitanaev-zauap-berdi/

pixel