Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Талғат Ермегияевтің түрмедегі видеосы пайда болды

Опубликовано:

Талғат Ермегияев колонияда
Видеодан кадр: Nege.kz

Әлеуметтік желіде қазір түрмеде жазасын өтеп жатқан "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің видеосы пайда болды. Кадрда оның колонияда басқа сотталушымен жұдырықтасып жатқан сәті бейнеленген. Бейнежазбаға қатысты Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, сотталушы Талғат Ермегияев бейнеленген видео шамамен 2019 жылы Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жасақтарының бірінде түсірілген.

"Видеодағы сотталушылар 2021 жылдан бері екі бөлек камерада отырады. Кейінірек олардың бірі босап шықты. 2021 жылдың наурыз айында мекемеде жүргізілген тінту шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленді", - дейді Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінен.

Ведомство желіде аталған видеоның қайта тарауына байланысты 2022 жылдың 29 наурызында сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды тағы тексеріп шыққан, алайда қандай да бір тыйым салынған заттар табылмағанын атап өтті.

"Мәселенің анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу басталды, оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады", - дейді Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар ҚАЖД сотталушылардың спортпен шұғылданып, белгіленген жерде құрал-жабдықтарды пайдалануға құқығы бар екенін де айта кетті.

Еске сала кетсек, 2016 жылы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған 4,2 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын. Ол жазасын Алматы облысында өтеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962750-zelide-talgat-ermegiyaevtin-koloniyadagy-videosy-paida-boldy/

pixel