Батыс Қазақстан облысында 170-тен астам тұрғын үйді су басты (видео)
Жарияланған күні:
3 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында қардың еруі мен жауын-шашынның жаууы салдарынан 2 елді мекенді су басты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Жақсыбай ауылында шамамен 170 тұрғын үй су астында қалған.
ЖАО және шекара қызметінің күшімен 637 адам эвакуацияланды, оның ішінде 305 адам, оның ішінде 89 бала Ықсанов атындағы мектеп-балабақша кешенінде және 332 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Ал Таловка ауылында 2 тұрғын үй су астында қалғаны белгілі болды. Елдімекенде 8 адам эвакуацияланған, оның ішінде 2 бала туыстарына орналастырылды.
ТЖД, ЖАО, Шекара қызметінің күштері аулаларды аралайды. Кезекшілік ұйымдастырылды.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген 12 құтқарушыны қосымша МИ-8 тікұшағы арқылы Батыс Қазақстанға жіберді. Сондай-ақ жеке құрамнан көлік тізгіндеген 34 адам және 4 бірлік техника жолға тартты.
Ал облыс орталығындағы жеке құрамнан 20 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963275-batys-qazaqstan-oblysynda-170-ten-astam-turgyn-uidi-su-basty/