Найзағай, жел, тұман: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.
Қызылорда облысының солтүстігінде де оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз күші 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.
4 сәуірде Ақтөбе облысында да оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
4 сәуірде таңертең және күндіз Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.
4 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігіне тұман түсіп, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
4 сәуірде Қостанай облысының солтүстігіне де тұман түсуі ықтимал. Синоптиктер оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с, 23-28 м/с жетеді деп болжап отыр.
4 сәуірде Батыс Қазақстан облысының шығысында да күн тұманды болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.
4 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963310-naizagai-zel-tuman-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/