Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елімізде соңғы қоңырау соғыла ма: Аймағамбетов жауап берді

Жарияланған күні:

Соңғы қоңырау
Көрнекі фото: Sputnik/Тимур Батыршин

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс кулуарында биыл елімізде мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау соғыла ма деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз жоспарлап отырмыз. Егер ешнәрсе өзгермесе, оқушылардың соңғы қоңырауы 25 мамырда болады", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Алайда ол сыныптар бойынша қандай да бір шектеулер бар-жоғын айтпады.

Айта кетейік, 2020 және 2021 жылдары оқу жылының аяқталуына байланысты өтетін мерекелік іс-шара тек 9 бен 11 сынып оқушылары үшін ғана ұйымдастырылған болатын.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупіне байланысты басқа сыныптар үшін іс-шара онлайн форматта өткен еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов биыл мектеп бітіруші түлектерге арнап хат жазғанын хабарлаған едік.

Министр хатта Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты өзгерістерді атап өтіп, оқушыларға мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауға қатысты өз кеңесін берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963803-biyl-elimizde-songy-qonyrau-sogyla-ma-aimagambetov-zauap-berdi/