Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санитариялық дәрігерлер еліміздегі дүкендерден балалар үшін қауіпті ойыншықтарды тапты

Опубликовано:

Ойыншықтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін балалар ойыншықтарын анықтаған. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сатып алу кезінде барлық тұтынушы бірдей сатушыдан ойыншықтың қауіпсіздігін талап ететін құжаттарды талап етпейді.

Мамандардың айтуынша, ойыншықтарды Қазақстанда сатпас бұрын олар Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіндегі қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек.

Бақылау комитеті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізетінін атап өтті.

Мәселен, 2022 жылы 2 айда республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелген. Соның 173-і талаптарға сәйкес келмеген, бұл жалпы 43,5 пайызды құраған.

Оның ішінде біреуі немесе 0,5 пайызы отандық, 16-сы немесе 9,2 пайызы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге, 156-сы немесе 90,1 пайызы басқа елдерге тиесілі.

Ведомствоның ақпаратынша, негізінен ереже бұзушылық таңбалауға (100 пайыз), органолептикалық көрсеткіштерге (3,4 пайыз) және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге байланысты (8 пайыз) анықталған.

Сонымен бірге Қытай мен Өзбекстанда өндірілген ойыншықтардың құрамынан фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан сынды химиялық заттардың деңгейі артқаны анықталған.

Осы ретте балаларға қауіпсіз емес тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Одан бөлек сауда орындарынан екі айда 3,6 келі ойыншық сатудан алынған.

Олардың тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Мамандар ата-аналарға ойыншықтар адам денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, адам өліміне әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан оларды мұқият таңдап, сатушылардан қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуге кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964357-sanitariyalyq-darigerler-elimizdegi-dukenderden-balalar-usin-qauipti-oiynsyqtardy-tapty/

pixel