Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда пәтері жанып кеткен отбасыға көптің көмегі қажет (видео)

Опубликовано:

Бақыт Шаймұханова
Бақыт Шаймұханова. Видеодан кадр: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодар қаласында үш бөлмелі пәтері отқа оранған Бақыт Шаймұхановаға көптің көмегі қажет, деп хабарлайды павлодарлық "Vita" еріктілер жасағы Instagram парақшасында.

Еріктілердің мәліметінше, оқыс оқиға сәуірдің 4-нен 5-не қараған түні Бестужев көшесінде болған.

Пәтерде төрт баланың анасы Бақыт Шаймұханова 13 жастағы ұлымен бірге тұрады. Балалардың үшеуі - ересек.

Еріктілердің хабарлауынша, үй иелері ұйықтайын деп жатқан кезде ұялы телефонға арналған қуаттағыш құрылғы жарылып, салдарынан өрт шыққан.

Осы кезде тек құжаттарын алып үлгерген отбасы далаға жүгіріп шыққан.

"Тура бір жыл бұрын отбасында қайғылы жағдай болды. Коронавирустан үйдің отағасы көз жұмды. Оның қазасынан кейін Бақыт енді ғана есін жинап келе жатқанда, міне тағы да тағдырдың сынағына тап болды.

Біз зардап шеккен отбасын қолдауға шешім қабылдадық және баспанасынан айырылған жандарға көмектесуге дайын адамдардан бізді қолдауды сұраймыз", - дейді еріктілер.

Осы ретте олар қайырымды жандардың аударған қаражаты еріктілердің шотына емес, тікелей зардап шеккен отбасыға түсетінін атап өтті.

Реквизиттер: Kaspi Gold 4400 4301 6598 6735. Kaspi Gold картасына тіркелген нөмір 8 702 856 12 82 Айнаш Р. (Бақыт Шаймұханованың туған қызы).

Сонымен қатар барлық сұрақ бойынша Бақыттың немересі Ділназға 8 777 680 75 91 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Одан бөлек еріктілер Шаймұхановтар отбасына көмек ретінде автошеру ұйымдастырып жатқанын жеткізді. 1 шақырым = 500 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964395-pavlodarda-pateri-zanyp-ketken-otbasyga-koptin-komegi-qazet-video/

pixel