Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстандықтар алдағы мамыр айында үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Осыған байланысты, ел тұрғындары бірнеше күн демалатын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Электрондық үкімет порталына сілтеме жасап.

Алдағы айда қазақстандықтар 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан Қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күнін атап өтеді.

Осы мерекелердің құрметіне ел тұрғындары алты күн демалатын болады.

Атап айтқанда, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тұрғындар 1-2 мамыр, яғни жексенбі және дүйсенбі күндері демалады. 30 сәуір, сенбі әдеттегідей жұмыс күні.

Ал Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің құрметіне қазақстандықтар 7 мамыр мен 10 мамыр аралығында, төрт күн қатарынан демалады. 11 мамыр жұмыс күні.

Жалпы алғанда, мамыр айында аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 12 күн демалатын болады.

Күнтізбе
Скриншот: egov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964421-qazaqstandyqtar-mamyr-aiynda-qansa-kun-demalady/

pixel