Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марс кезбесі, зымыран, кратер кезбесі: Алматыда ғарыш байқауының жеңімпаздары анықталды

Жарияланған күні:

Eurasian bank
Фото: Eurasian bank

Алматыда мектеп оқушылары мен университет студенттері қатысқан Kazakhstan Smart Space байқауының жеңімпаздары анықталды. Қазылар алқасы назарына ұсынылған көп жұмыстың ішінен 92 жоба финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазылар алқасының құрамына ғарыш техникасы мен технологиялары, технологиялық кәсіпкерлік саласының мамандары және байқаудың серіктес ұйымдары мен демеушілері, жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы саласындағы сарапшылары енді. Олар үздіктердің ішіндегі үздігін таңдап алуға тиіс болатын.

"Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Марат Нұрғожин қазір әрбір үміткер үшін іс жүзінде ғарышқа есік ашық екенін атап өтті.

"Біз әр қатысушыны жеке есепке аламыз, олар инженер атанғанға дейін университетте қолдап отырамыз. Бәлкім олар осы саланы таңдайтын шығар, өйткені аэроғарыштық технологияға тек "ғарыштық технология" мамандығы кірмейді, оған бағдарламашылар, электроника инженерлері, механиктер мен математиктер қажет", - деді Нұрғожин.
Eurasian bank
Фото: Eurasian bank

Байқауға Eurasian Space Ventures (ESV) жекеменшік ғарыш компаниясы қолдау көрсетті. Оның директоры, Еуразиялық банк директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимовтің сөзінше, Қазақстан Smart Space байқауы биыл өзінің негізгі миссиясын орындады - ғарыштық жобаларды жүзеге асыруды армандайтын талантты жастардың басын қосты.

"Аты ғарышты игерумен тығыз байланысты біздің ел үшін SpaceTech индустриясын дамытуға қызығушылық танытқан оқушылар мен студенттерге қолдау көрсету маңызды. Бұл Қазақстанның осы саладағы болашақ кадрлық әлеуеті. Мүмкін қатысушылардың бірі келешекте бізге ғарыштық технологияларды дамытуға, коммерцияландыруға көмектесіп қалар. Күн сайын мүмкіндіктер артып келеді. Біздің міндетіміз осы мүмкіндіктерді пайдаланып қана қоймай, алға қарай жылдам қадам басу", - деді Шухрат Ибрагимов.

Болашақта аэроғарыш өнеркәсібіне қызығушылық танытқандардың әрқайсысы тиісті бағыты бойынша еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға мүмкіндік алады. Солардың бірі – байқаудың финалдық кезеңіне өткен Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті.

Eurasian bank
Фото: Eurasian bank

Байқауға арналған жұмыстар жобалар, макеттер және жұмыс үлгілері болып үш топқа бөлінді. Қатысушыларды да жасы бойынша үшке бөлді: 7-12 жас, 12-16 жас және 16 жастан жоғары.

Қатысушылардың бірі - Алматыдағы №48 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушысы Максим Водопьянов өз үлгісін ұсынды.

"Марс кезбесі шынжыр табаны арқылы қозғалады, оның жер бетін зерттейтін, материалдарды алып, экипажды құтқара алатын дроны бар. Менің станциям атом энергиясы мен күн желкені арқылы жұмыс істейді. Мұнараның жоғарғы бөлігінде күн батареялары арқылы келетін күн энергиясын күшейткіштер, ал төменгі бөлігінде көмірқышқыл газын оттегіге айналдыратын қондырғылар орнатылған, сондықтан ғарышкерлер Марста 5 жылға дейін өмір сүре алады", - дейді жас техник.

Сондай жобаның бірін оның сыныптасы Платон Федотов та ұсынды. Оқушы кремний-күн батареяларымен және топырақты танитын сенсорлармен жабдықталған кратер кезбесі үлгісін жасады.

Қызылордалық 9-сынып оқушылары адам өмір сүруге арналған "Марс" станциясын, ал физика-матаметика бағытындағы НЗМ-нің 10-сынып оқушылары ядролық зымыран қозғалтқышы бар модернизацияланған "DELTA II" зымыранын назарға ұсынды. Райымбек Әбілбектің айтуынша, ол Марсқа ғана емес, Плутонға, Юпитерге және басқа планеталарға жете алады.

Eurasian bank
Фото: Eurasian bank

2021 жылғы 16 желтоқсанда басталған байқау өз мәресіне жетті, қазылар алқасы үздік жобаларды таңдады:

"Марс планетасын пайдалану аясында" - Қызылорда қаласы №12 IT-мектеп-лицейі

"Өндірістік-тұрмыстық 3D принтер" - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

"MAXTRON" - №48 мектеп-лицей Алматы қаласы

"DELTA II" - ФМБ НЗМ Алматы қаласы

"SkillSat" шағын ғарыш кемесі - ФМБ НЗМ Көкшетау қаласы

"CanSat форматындағы шағын ғарыш аппараттарын әзірлеу" - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

"FCV-TRY" шағын зымыран тасығышының ұшу прототипі - Quantum STEM мектебі,

"SACS-3DOF – спутниктік бағдарлауды басқару жүйесі" – Г.Даукеев атындағы АЭжБУ

"Zeus" роботы - "Hackspace" робототехника мектебі,

LFR роботы – "Тұран университеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964489-mars-kezbesi-zymyran-krater-kezbesi-almatyda-garys-baiqauynyn-zenimpazdary-anyqtaldy/