Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде арнайы бейнекамерасы бар патрульдік көліктердің жүргені рас па: ІІМ жауап берді

Жарияланған күні:

Полицейлер
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы тас жолда көлік иелерінің тәртіп бұзушылықтарын тіркейтін арнайы бейнекамерасы бар патрульдік көліктердің жүргені туралы ақпарат тарады. Аталған ақпаратқа қатысты ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Атығай Арыстанов жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері мессенджерлерде Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы тас жолда көлік иелерінің тәртіп бұзушылықтарын тіркейтін бейнекамерасы бар жаңа патрульдік көліктер жүргені туралы хабарлама тарап жатқанын айтты.

Журналистер бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

"Иә, расымен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды бірден тіркейтін бейнекамерасы бар патрульдік көліктер бар. Олар Ақмола облысында ғана емес, басқа өңірлерде де бар және қолданыста.

Бұдан былай Қарағанды, Көкшетау бағытында пайдаланылатын болады. Мұндай көліктер барлық жақты күзетуде" ,- дейді Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ полиция өкілі өкінішке қарай көптеген көлік жүргізушісі патурльдік көлікті көргенде ғана жылдамдығын азайтатынын, артынша жылдамдық режимін қосып, газды үдете түсетінін айта кетті.

"Мен көлік жүргізушілеріне мынаны айтқым келеді - бұл сіздің өміріңіз. Тек қана полицияға керек емес (жол қозғалысы ережесін сақтау - ред). Бұл сіздерге керек. Сіздер өздеріңіз үшін ғана емес, жолдағы басқа да көлік жүргізушілері үшін жауаптысыздар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964713-elimizde-arnaiy-beinekamerasy-bar-patruldik-kolikterdin-paida-bolgany-ras-pa-iim-zauap-berdi/