Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Алматыдағы президент резиденциясы қашан сүріледі

Жарияланған күні:

індет
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Алматыдағы президент резиденциясының қашан сүрілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна мәліметінше, 19 мыңнан астам шаршы метрді алып жатқан алып ғимаратты бұзудың өзі техникалық тұрғыдан өте күрделі жұмыс. Сондықтан сүруге 3 миллиар теңге қажет. Тағы 3 млрд теңге аумақты қалпына келтіруге және  инженерлік корпусты қайта құрылымдауға  жұмсалады.

Мамандар олар кейін қаланың балансына өтеді деп отыр.

Ғимарат құрылымында алты мың шаршы метр темірбетон бар. Оны бір-бірінен ажыратып, бөлшектеуге гидравликалық балғасы бар арнайы техника қолданылады. Осы уақытқа дейін резиденцияда тек тазалау жұмысы ғана атқарылыпты.

Ал қашан бұзыла бастайтыны әзірге белгісіз. 

"Қазір біз жобаны күтіп отырмыз. Қалай жоба болады, бізге рұқсат береді. Сол кезде "Интегро" компаниясы бұзады деген ойдамыз", - деді президент резиденциясы техникалық қолдау басқармасының бастығы Ерлан Семебайұлы.

Өрттен бірен-саран дүние аман қалыпты. Сондай 46 атаулы құрал-жабдық резиденциядан шығарылады. Сақтаулы тұрған тоңазытқыш техникалары мен дизель-генераторлардың жалпы сомасы 600 млн теңге болады. Бұл құрал-жабдықтар президент іс басқармасының басқа да нысандарына беріледі. Тағы 150 млн теңге металды қайта өңдеуден түседі. Жалпы ғимаратты бұзуға кеткен шығынның 750 млн теңгесі бюджетке қайтарылады.

Айта кетейік, резиденция сүрілген соң орнына саябақ салу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964725-qantar-oqigasy-kezinde-bulingen-almatydagy-prezident-rezidenciyasy-qasan-suriledi/