Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір жолымен бірге келеміз": Ерлі-зайыпты полицейлер махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берді

Жарияланған күні:

Әлдибековтер отбасы
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін қазақстандықтар "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" күнін атап өтуде. Мерекеге орай Алматы облыстық ПД көпшілік назарына аудандық полиция бөлімінде бірге еңбек ететін ерлі-зайыпты полиция қызметкерлерінің махаббат хикаясын ұсынады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көксу аудандық полиция бөлімінде қызмет ететін Жарас Әлдибеков пен Әйгерім Әлдибекова 2018 жылы танысқан.

"Күнделікті қызметімде уақыттың қалай зымырап өтіп бара жатқанын байқамай, еңбегімді адал атқарып жүрдім. Сол күндердің бірінде келбеті жарасқан жігітпен таныстым. Жұмыстан кейін үйге бірге қайтып, қала саябағына барып қыдыратынбыз", - дейді Әйгерім.

Араға бір жыл салып сүйіктісі Жарас Әйгерімге сезімін білдіріп, ата-анасымен таныстырып, тұрмыс құруға ұсыныс жасапты.

"2019 жылы менің ата-анам батасын беріп, ұлттық дәстүрі бойынша ұзату тойымды жасап, құтты мекеніме шығарып салды. Аллаға сансыз шүкір, жұбымыз жарасып, өмір жолымен бірге келеміз", - дейді полиция аға лейтенанты.

2021 жылдың наурыз айында Жарас полиция бөлімінің мемлекеттік көлік инспекторы лауазымына тағайындалған. Артынша жас отбасы үшін қуанышты жағдай орын алған.

"Бұл өте маңызды және жауапты қызмет, заңгерлік және техникалық сауаттылықты талап ететін жұмыс. Сол жылы жазда облыстық Полиция департаментінің басшылығы екеуміздің еңбегімізді жоғары бағалап, жаңа салынған үйлерден пәтер берді, мерейіміз үстем болды. Енді тек қана Отанымыз үшін адал қызмет етіп, ел тыныштығын сақтауға отбасымызбен аянбай тер төгіп, алдыңғы қатарлы полиция офицерлері болуға еңбектенуіміз қажет, деп есептейміз" - дейді аға лейтенант Әйгерім Әлдибекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965270-omir-zolymen-birge-kelemiz-erli-zaiypty-policeiler-maxabbat-xikayasy-qalai-bastalganyn-aityp-berdi/