Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"32 градус ыстық": Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Көктем
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 16-18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республиканың батыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ ел бойынша желдің күшеюі байқалады.

Метеорологтардың болжамынша, еліміздің батысында ауа температурасы күндіз +12...+20 градустан +15...+25 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыста түнде температура 0...+12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстікте сынап бағанасы түнде +5...+12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Оңтүстік-шығыста +5 градус жылы болса, орталықта +2...+7 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Еліміздің шығысында түнде -2...+3 градустан 0...+8 градусқа дейін көтерілуі ықтимал, күндіз ауа температурасы +15 градусты көрсетеді.

Оңтүстікте күндіз +23...+32 градус ыстық болады деп күтілуде. Ал оңтүстік-шығыста күндіз +22...+30 градусқа дейін күн жылынады деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965337-32-gradus-ystyq-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/