Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінде тарауық намазын оқып жүрген 12 жастағы қари туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Мансұрхан Сарварханұлы
Мансұрхан Сарварханұлы. Видеодан кадр: Sputnik /Абзал Калиев

9 жасында Құранды толығымен жаттап, қари атанған Түркістан облысының тумасы Мансұрхан Сарварханұлы қазір Нұр-Сұлтандағы Әзірет Сұлтан мешітінде тарауық намазын оқып жүр. Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшілері мешітке арнайы барып, Құранды жатқа білетін баламен танысып қайтқан.

Әкесі Мансұрханды алты жасында Құран оқуға үйреткен. Ол мектепті де, діни білімді де қатар алып жүрген. Ал жазғы демалысын толығымен Құран жаттауға арнайтын болған.

"Мен мектепте даярлық тобынан кейін жазғы демалысты Құран оқуға арнадым. Ал мектепке барғаннан кейін сабақ пен Құранды қатар оқыдым. Сөйтіп, бірінші сыныпты бітіргенге дейін бір параны жаттап қойдым. Ал жазғы каникулда оған тағы екі пара қостым. Артынан тағы екеуін жаттадым. 9 жасымда Құранды толығымен жаттап алдым", - дейді қари бала.

Былтыр Мансұрхан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауда "30 пара" бойынша екінші орын алған. Сөйтіп өз тобында ең жас жүлдегер атанған.

Биыл Мансұрхан Нұр-Сұлтан қаласына шақырылған. Оған бірден Рамазан айында Әзірет Сұлтан мешітінде тарауық намазын өткізуге рұқсат берілген.

"Мен бұған дейін тарауық намазын оқымағанмын. Бірінші рет шығып тұрмын", - дейді ол.

Қари бала тарауық намазынан кейін демалатынын, таңғы уақытта сәресіге тұратынын айтады.

"Одан кейін тағы дем аламын да, сөйтіп, 8-9-дарда тұрамын. Содан дайындық басталады", - дейді Мансұрхан.

Мансұрхан болашақта имам болғысы келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965353-elordadagy-aziret-sultan-mesitinde-tarauyq-namazyn-oqyp-zurgen-12-zastagy-qari-turaly-ne-bilemiz/