Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрылыс алаңындағы төтенше жағдай: Алматыда жұмысшыларды арматура басып қалды

Жарияланған күні:

құрылыс нысаны
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда құрылыс алаңдарының бірінде төтенше жағдай болды – жұмысшылардың үстіне арматура құлаған. Куәгерлер төтенше жағдайдың қалай болғанын видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Агенттік тілшісіне қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған үш адам жеткізілген.

Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Бостандық ауданының полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасын бұзу фактісі бойынша тергеу жүріп жүріп жатқанын айтқан.

"Зардап шеккен жұмысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқандар жоқ", - дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөз бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965387-almatyda-us-zumyssyny-armatura-basyp-qalgan/