Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде тастанды сәбиді "тауып алған" келіншек оның анасы болып шықты

Жарияланған күні:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысында келіншек құқыққорғаушыларға жаңа туған сәбиді тауып алғанын хабарлаған. Артынша нәрестенің анасы оның өзі екені анықталды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

:Ведомство дерегінше, 15 сәуір күні сағат 19:30-да Қазалы ауданының тұрғыны Әйтеке би ауылының маңында жаңа туған нәрестені тауып алғанын хабарлаған.

Артынша тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Құқыққорғаушылар арыз тастаушы баланы өзі босанып, артынша оны "тауып алғаны" туралы жалған ақпарат бергенін анықтады.

"Қазір анасы мен сәбиі перзентханада ем қабылдап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда",- деді Қызылорда облыстық полиция департаментінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965923-kosede-tastandy-sabidi-tauyp-algan-kelinsek-onyn-anasy-bolyp-syqty/