Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баспана арзандай ма": Сарапшы 2022 жылғы пәтер бағасына қатысты болжам жасады

Жарияланған күні:

тұрғын үй кешені
Көрнекі: pixabay.com

Тәуелсіз сарапшы Жеңіс Шәріпұлы еліміздегі пәтер бағасына қатысты болжам жасады. Оның сөзінше, жыл соңына дейін баға тағы өсуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жеңіс Шәріпұлының айтуынша, елде бірінші қаңтардан наурыздың аяғына дейін жаңа пәтер құны 8 пайызға, екінші нарықтағы пәтер 13,4 пайызға өскен. Баға әлі де көтеріліп жатыр.

Жалпы, жыл соңына дейін пәтер бағасы тағы 3-4 пайызға қымбаттауы ықтимал дейді сарапшы.

Жеңіс Шәріпұлының сөзінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлар құны мен көрсетілетін қызметтің бағасы, сондай-ақ құрылыс материалдары арзандаса ғана Қазақстанда тұрғын үй бағасы түсуі мүмкін.

"Бізде қазір ипотекаға деген сұраныс артқан. Ипотека азайса да, баға төмендемейді. Себебі, ол инфляцияға байланысты. Қазақстанда инфляция жоғары болады деген болжам бар. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыздан 12 пайызға дейін көбейтті. Бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтегі бағаның өсетінін білдіреді.

Қазір бағаны ұстап тұрған – инфляция. Яғни, бір-бірімен қатар жүреді. Мысалы, 2021 жылы арматура мен әйнек бағасы 2 есе қымбаттады, басқа да құрылыс материалдары әлі де қымбаттап жатыр. Соған байланысты тұрғын үйдің бағасы түспейді. Керісінше қымбаттауы мүмкін. Ол Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға байланысты. Тамақ бағасы қымбаттаса, үй нарығындағы баға да қымбаттайды", - дейді ол.

Сарапшы Алматы мен Нұр-Сұлтандағы үйдің бағасында басқа өңірлермен салыстырғанда өзгеріс бар екенін атап өтті.

Айтуынша, екі қалаға көшетін адамның көп болуына байланысты баға да қымбат. Себебі сұраныс бар, дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965994-baspana-arzandai-ma-sarapsy-2022-zylgy-pater-bagasyna-qatysty-bolzam-zasady/