Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан халқына" қоры: Қаңтар оқиғасында кездейсоқ қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеден берілді

Жарияланған күні:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазақстан халқына" қоры ресми сайтында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жанұясына қаржылай көмек көрсетілгенін хабарлады.

Қор мәліметінше, жақында қаңтар оқиғасы кезінде кездейсоқ қаза тапқандардың жаңартылған тізімі келіп түскен.

Осыған байланысты қор құзырлы орган кездейсоқ құрбан ретінде таныған 13 азаматтық тұлғаның отбасына қаржылай көмек көрсеткен.

Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына да қаржылай көмек көрсетілген. Олардың бірі отбасымен бірге көлік ішінде отырғанда, ал екіншісі әкесімен көлікте отырғанда оқ жарақтын алған.

Қаржылай көмек зардап шеккен балалар туралы мәлімет түскеннен кейін көрсетілген.

"Қазақстан халқына" қоры бұл санаттағы зардап шегушілерге көрсетілген қаржылай көмектің жалпы сомасы 97 млн ​​теңгені құрағанын атап өтті. Яғни, қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың отбасына 3 миллион теңгеден берілген.

Сонымен қатар қордың баспасөз қызметі қамқоршылық кеңестің шешімімен, қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған барлық азаматтың отбасына қаржылай көмек құзырлы органдар тізімді нақтылағаннан кейін берілетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966367-qazaqstan-xalqyna-qory-qantar-oqigasy-kezinde-kezdeisoq-qaza-tapqandardyn-zanuyasyna-7-mln-tengeden-berdi/