Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын мен қатты жел: Синоптиктер 24 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды

Жарияланған күні:

жаңбыр ит12
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 24 сәуір, жексенбі күні Қазақстанның қай өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, 24-25 сәуір күндіз Алматы қаласында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне ауысады.

Ал Ақмола облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 сәуірде Ақмола облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

Жексенбі күні таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ болы мүмкін.

Ал Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, оның күші күндіз 15-20 м/с болуы ықтимал.

24 сәуір түнде Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр, дауыл, найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 25 м/с соғады.

Бұл күні Алматы облысының оңтүстігінде және таулы, тау етегіндегі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болуы ықтимал. Ал таулы және тау етегіндегі аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі.

Жексенбі күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-батысында да қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, облыстың солтүстігінде тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады.

24 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

24 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады деп күтілуде.

24 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966485-zauyn-sasyn-men-qatty-zel-sinoptikter-24-sauirge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/