ҰҚК Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді
Жарияланған күні:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Әлеуметтік желілерде таралған қарулы адамдардың атысы бейнекадрлары 2022 жылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында орын алған, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолдана отырып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген", - делінген хабарламада.
Қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапқан.
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966736-uqk-tarazdagy-atysqa-qatysty-tusinikteme-berdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде