"Бұршақ, жаңбыр, дауыл": Сәуірдің соңғы күндерінде елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК 28-30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, сәуірдің соңғы күндерінде, Ақ теңіз аудандарынан Қазақстанның батыс аймақтарына циклон ауысады. Бірте-бірте ол шығыс бағытқа қарай жылжып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына әсер ете бастайды.
Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Ал 30 сәуірде республиканың батысында, тіпті жаңбыр қатты жаууы ықтимал.
Сонымен қатар алдағы үш тәулікте ел аумағында бұршақ жауып, дауыл тұруы да мүмкін.
Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 23-28 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966992-sauirdin-songy-kunderinde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/