Аралда түйені ұрлап, сойып алған екі күдікті қолға түсті

Опубликовано:

Түйе
Көрнекі фото: Polisia.kz

Аралда түйені ұрлап, сойып алған екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамыр күні Арал ауданының тұрғыны өрісте жайлымда жүрген түйесінің жоғалып кеткені туралы арызданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында аудандық полицейлер мал ұрлығын жасаған Арал ауданының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдіктілер ұрлаған малды сойып, сатып жібергенін мойындаған. Қазіргі таңда олар Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Ұрлық) бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968237-aralda-tuieni-urlap-soiyp-algan-eki-kudikti-qolga-tusti/

jitsu gif