Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, бұршақ, дауыл: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнауы мүмкін Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

Қызылорда облысының шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнап бұршақ жауады, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың көп бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23 м/с жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969024-naizagai-bursaq-dauyl-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel