Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа екі метро станциясы ашылды

Жарияланған күні:

метро
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станциялары іске қосылды. Енді жолаушылар ағыны екі есе артып, тәулігіне 85 мыңнан астам адам қатынайды деп күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мегаполис әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бекеттерді іске қосуға арналған салтанатты рәсімде қала әкімі Ерболат Досаев метрополитен құрылысшылары мен қызметкерлеріне ерен еңбектері мен қаланың қоғамдық көлігін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

метро
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

"Бұл қала мен тұрғындар үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Мәселе біз күтіп отырған жолаушылар ағынының, 50 мыңнан 85 мыңға дейін өсуінде ғана емес. Қала барынша жайлы болады, бәрімізді толғандыратын трафик, экологияны жақсарту мәселелерін шешеміз", - деді Ерболат Досаев.

метро
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Метро "Барлық" базарына дейін созылады деп күтілуде. Сондай-ақ қала инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар әзірленіп жатыр. Осы ретте Досаев метро құрылысшыларын үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті.

Метроның ашылуы
Ерболат Досаев пен Зейнеп Ахметова. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

"Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" бекеттері қала орталығын тыныш аудандармен байланыстырады.

метро
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Желіде қозғалыс аралығы 8-12 минут болатын 15 төрт вагонды электрпойыздарын іске қосу жоспарлануда.

метро
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Айта кетейік, "Мәскеуден" кейінгі "Сарыарқа" станциясы Абай даңғылы бойында Алтынсарин даңғылы мен Саин көшелерінің аралығында Family Park маңында орналасқан.

"Бауыржан Момышұлы" станциясы Абай даңғылы бойында Момышұлы көшесінің батысында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971606-almatyda-eki-zana-metro-stanciyasy-asyldy-foto/