Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы АШБ басшысының бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін айыппұл арқалады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, кеше, 30 мамырда Ақтау қалалық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаев күн панельдерін жеткізушілерден субсидия беру кезінде жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылған.

Оған 28 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

"Сондай-ақ күн панельдерін жеткізушілер Шынболат Құмар, Жақсылық Аралбаев пара бергені үшін сотталып, әрқайсысына 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар сот "Байсырымов" ЖК иесін жалған құжаттарды ұсыну арқылы субсидия сомасын алған алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу тағайындады", - делінген агенттік хабарламасында.

Ведомство дерегінше, сотталғандардың қылмыстық іс-әрекеті салдарынан мемлекетке 6,9 миллион теңге көлемінде залал келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971887-mangystau-oblysy-asb-bassysynyn-buryngy-orynbasary-para-algany-usin-aiyppul-arqalady/

pixel