Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 1 маусымнан бастап не өзгереді

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде 2022 жылғы 1 маусымнан бастап бірқатар өзгеріс болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Республикалық референдум

Қазақстанда 5 маусым күні Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.

18 жасқа толған ел тұрғындары жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Облыс санының артуы

8 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстардың әкімшілік құрылысына қатысты жарлығы күшіне енбек.

Осыған сәйкес, Қазақстанда 17 емес, барлығы 20 өңір болады. Жаңадан Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары қосылады.

Бірқатар халықаралық әуе рейсінің ашылуы

Бүгін, 1 маусымнан бастап қазақстандықтар Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Грекияның Ираклион қаласына ұша алады.

Рейстерді Air Astana компаниясының іске қосатыны белгілі болды.

Сондай-ақ жаздың алғашқы айында Air Astana Черногорияға тұрақты әуе рейстерін ашады.

Подгорица қаласына жолаушыларды Airbus 321LR лайнері тасымалдамақ.

Ресейлік пойыздардың қайта жандануы

Бүгін, 1 маусымнан бастап Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін Ресейдің алыс жолға қатынайтын пойыздары жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін Петропавл станциясына тоқтайды.

Бұдан бөлек, маусым айында қозғалыс кестесіне тағы үш пойыз оралады: 2 маусымнан бастап – № 84/83 Қарағанды – Самара, 3 маусымнан бастап – № 145/146 Қарағанды – Омбы және 6 маусымнан бастап – № 113/114 Алматы– Қазан.

Бұл пойыздар коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971940-elimizde-1-mausymnan-bastap-ne-ozgeredi/

pixel